ГОЛОВКИН ЛЕМЬЕНІ 8-ШІ РАУНДТА СҰЛАТЫП, IBF БЕЛБЕУІН ТАРТЫП АЛДЫ
Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпионы, қазақстандық боксшы қазақстандық Геннадий Головкин IBF чемпионы Давид Лемьені 8-ші раундта теxникалық нокаутпен жеңді.
Орта салмақтың ең қауіпті панчерлері - Головкин мен Лемье бірінші раундта күштерін бірден сарп етпей, бірін-бірі танумен болды. Дегенмен екінші раундта Головкин тегеурінді соққыларды жұмсап, Лемьенің әуселесін байқап көрді. Лемье құлаштап ұрып, өзінің жойқын мәнерімен қазақ боксшысына қарсылық танытып көрді. Алайда Головкин ашылып қалған Лемьені ауыр джебтермен әбден састырды. Бесінші раундта Лемье бүйірден қатты соққы алып, нокдаунға түсті. Дегенмен жекпе-жекті жалғастыра алды. Алтыншы және жетінші раундтар Головкиннің басымдығымен бір қалыпты өтті. Ал сегізінші раунда үлкен көлемде соққылар алған канадалықтың мүшкіл түрін көрген төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Қазақстандық боксшы өз мансабында 34-ші жеңісіне және 31-нокаутына қол жеткізіп отыр. Ал Лемье болса, 3-ші рет жеңіліс тапты.
Еске сала кетейік, Головкин - Лемье кездесуі 18 қазан күні Нью-Йоркте лық толы Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Бұл жұлдызды бокс шоуын тамашалауға миллиардер Дональд Трамп, әйгілі боксшылар Роберто Дюран, Шейн Мозли мен Леннокс Люис, ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалев, актер Майкл Фокс келді.
Қазақстандық боксшы осы жеңісі үшін 2 миллион доллар алады деп xабарланды, оның үстіне ақылы трансляциялар жүйесі PPV-ден түскен қаражаттың бір үлесін иемденеді. Ал оның қарсыласы 1,5 миллион долларға ие болмақ. Бұл Головкиннің өз мансабындағы ең жоғары гонорары. Бұның алдында кіші Вилли Монроға қарсы өткізген кездесуі үшін Геннадий 1,5 млн. долларды қалтаға басқан болатын. Ал қарсыласы тек 100 мың долларды еншіледі. Айта кетерлігі, Геннадий Головкин - PPV-да жекпе-жегі көрсетілген ТМД-дан шыққан үшінші боксшы. Есте болса, 2004 жылы украиндық Виталий Кличко PPV-да ең бірінші болып шаршы алаңға көтерілген еді. Ол Дэнни Вильямсқа қарсы шыққан-ды. Одан кейін Қазақстанның бокс мектебінен тәлім-тәрбие алған Олег Маскаев Хасим Рахманмен айқасқан болатын. Дегенмен, бұл жекпе-жектердегі PPV-көрсеткіштері тым аз, яғни 120 мың мен 60 мың көрерменді ғана жинай алды. Ұйымдастырушылар үшін бұл жайт құрдымға кетумен тең. Айтпақшы, мұндай жүйеде табыс әкелген ТМД-дылық боксшы Костя Цзю болғаны есте. Бірақ, оның шаршы алаңдағы кездесуі АҚШ-та емес, Австралияда PPV-да көрсетілген еді.
Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекте «Мэдисон-сквер-гарден» спорт кешенінде орта салмақтағы төрт бірдей белбеу сарапқа салынды. WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион, WBA нұсқасы бойынша суперчемпион және IBO нұсқасы бойынша чемпион титулдарына ие Г.Головкин тағы бір чемпиондық белбеуге иелік етті. Барлық белбеулерді топтастыру басты арманы екендігін бірнеше мәрте айтқан Г.Головкин, өз коллекциясын IBF белбеуімен толықтырды.