ЭЛИЗАБЕТ ТУРСЫНБАЕВА СПОРТТЫҚ МАНСАБЫНДАҒЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Қазақстандық 15-жасар мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Турсынбаева ересектер арасында өткен халықаралық Skate Canada Autumn Classic турнирінің жеңімпазы атанды.
Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаевтың айтуынша, жарыс Канада елінің Барри қаласында өткен. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Тұрсынбаева екінші, бірақ еркін бағдарламадағы жеңісінің арқасында мәнерлеп сырғанаушы турнирдің жеңімпазы атанды. Спортшы қыз барлығы 179,72 ұпай жинап, өзінің спорттық мансабындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Екінші орын Жапон елінің өкілі Харука Имаи (174,89 ұпай) бұйырды, ал үздік үштікті АҚШ-тан келген Энджела Ванг (172,36 ұпай) қортындылады.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА