ҚАРМАҚШЫДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Қармақшы ауданында 15-18 қазан аралығында денешынықтыру және сауықтыру кешенінде (ФОК) Ерлан Бақытжанұлы Нысанбаевты еске алуға арналған 2000-2001 және 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан облыстық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ауданның баспасөз қызметінен хабарлады.
Аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов қатысушыларды құттықтай отырып, сәттілік тіледі. Биыл 2-ші рет жалауын көтергелі отырған турнирге Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және Арал, Қазалы, Жалағаш, Қармақшы ауданынан барлығы 80-нен аса былғары қолғап шеберлері қатысуда. Аталған спортшыларымызға 8 ұлттық дәрежедегі төрешілер төрешілік жасайды.
Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлы 1989 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Жастайынан спортқа жаны құмар Ерлан 2002 жылдан бастап аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне бокс үйірмесіне қабылданып, аз ғана уақыттың ішінде өзінің жеңіске деген құштарлығымен өз қабілетін бала күнінен-ақ таныта білді. Ерлан 9 сыныпты бітірген соң Алматы қаласындағы әскери спорт колледжіне оқуға түсті. Алматы қаласындағы 69 кг. салмақтағы құрама мүшесінің бірінші нөмірлі боксшысы болды. Талай жарыстарда жүлдені қанжығасына байлап, Қармақшы ауданының намысын асқақтатты.