ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 4 ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
Темір жол вокзалынан Тайландтың Бангкок қаласында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қызылордалықтар салтанатты түрде күтіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Арман Молдаханов пен жастар арасында облыстың жаттықтырушысы Қален Қалиұлы жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жеңіспен оралды. Атап айтсақ, №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары, жасөспірімдер арасында 66 келі салмақта Марат Жанқожа Азия чемпионы атанса, 40 келіде Адия Сайын чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді.
Ал жастар арасында сынға түскен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері 44 келіде Гүлфайруз Наймантаева мен 57 келіде Мөлдір Болатбекова қола жүлдені еншіледі.
Спортшыларды жарысқа Жанарбек Сансызбаев, Қайрат Баекенов, Жанар Дүйсекенова, Гаухар Бекетаева, Қайрат Төленов, Тұрар Баймахановтар дайындады.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасында Қазақстан құрамасы 12 жүлде (6 алтын, 2 күміс, 4 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ал жастар құрамасы 9 жүлдеге (1 күміс, 8 қола) ие болды.