ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚОС СПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
Кеше темір жол вокзалынан Латвияның Рига қаласында самбодан 30 ел қатысқан Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Диана Тілеумұратова мен Нұрғаным Тұршабекті қызылордалықтар үлкен қошеметпен күтіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Жасөспірімдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен қармақшылық Диана Тілеумұратова мен №1 Қызылорда облысының мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің спортшысы Нұрғаным Тұршабек +75 келі салмақта Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
Қос спортшыны жарысқа Жанар Дүйсекенова мен Дархан Алмаханов дайындады.
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында өтетін Азия чемпионатына Д.Тілеумұратова мен Н.Тұршабекпен қатар, Гүлім Сағымбай, Жәния Махмудова және Қымбат Тұршабектер облысымыздың намысын қорғайды. Байрақты жарысқа қатысатын жерлестерімізге сәттілік пен табыс тілейміз.