СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Б. САТТАРХАНОВҚА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Шымкентте Сидней олимпиадасының жеңімпазы, атақты былғары қолғап шебері Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Жас спортшының жұлдызы 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы олимпиада ойындарында жарқырап жанған еді. Жартылай жеңіл салмақта алтын жүлдені жеңіп алған боксшы Қазақстанның туын көтеріп, рингті айнала жүгірген кезі елдің көз алдында. Бірақ содан 3 ай өткен соң, қазақ елі жол апатында ардақты ұлынан айырылып қалды.
Кеше ескерткіштің ашылу салтанатына еліміздің даңқты спортшылары, олимпиада чемпиондары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бекзат Саттарханов атымен аталатын спорттық мектеп-интернаттың алдына биіктігі 3 метр мүсін қойылды.
«Арыстай азаматымыз, қыршындай кеткен жасына қарамай еңбегін бағалап, осы ескерткішті салған азаматтарға рахмет. Бұл келешек ұрпаққа үлгі. Біздің тілегіміз, елдің тілегі осы жастарға айтарым, біздің жолымызды баса берсе екен. Қазақ халқының кім екенін дүниежүзіне танытсын деп тілейміз»,-деген жүрекжарды тілегін білдірді атақты спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров.