РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 5-9 қазан аралығында Ақмола облысы Шучинск қаласында қызметкерлердің спорттық даярлығын көтеру, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ішкі істер департаменті қызметкерлері арасында қоян-қолтық күрестен республика біріншілігі өтті. Жарысқа 16 команда, 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің атынан Жол-патрульді полиция батальонінің қызмет инспекторы полиция лейтенанты Абдуллаев Ержан қатысып, ІІ орынды қанжығасына байлап, жеңіс тұғырынан көрінді. 85 кг.-ға салмақ дәрежесінде күш сынасқан Ержан 4 кездесуде де үздік деп танылып, азулы қарсыластарын қапы қалдырды. Финалда Ақмола ОІІД атынан қатысқан спортшымен белдесіп, өңір намысын абыроймен ақтады. Жарыс соңында сен тұр мен атайын деген тәртіп сақшылары дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетерлік жайт, қызылордалық полицейлер азаматтардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау жолындағы қызметтік міндеттерін орындай жүріп, спорттан қол үзіп қалған жоқ. Түрлі жетістіктерге жетіп, жеңіс тұғырынан көрініп келеді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі