ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН: ЛЕМЬЕДЕН БІР ПАЙЫЗҒА ҒАНА ҚОРҚАМЫН
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Давид Лемьеге қарсы өткізетін жекпе-жек қарсаңында кез келген нәтижеге дайын екенін атап өтті. Қос мықтының кездесуі 17 қазан күні Нью-Йоркте өтеді, деп хабарлайды Спорт-Экспресс.
«Лемьеден тек бір пайызға ғана қорқамын. 100 пайыз емес, тек бір пайызға ғана. Мен қарапайым жігітпін. Қорқыныш барлығына тән сезім. Нокаутқа да, төрешілердің шешіміне де толығымен дайынмын. Қысқа ұрысқа да, көше жекпе-жегіне де дайынмын. Ток етерін айтсам, Давид не қаласа, соның бәріне әзірмін. Менің стилім әркелкі. Бапкерім Абель Санчес түрлі стратегия ойлап табуда. Өзімді керемет сезінемін, жанкүйерлеріме сый тартуға дайынмын», - дейді Головкин.
Естеріңізге салып өтсек, Головкин мен Лемье арасындағы жекпе-жек 17 қазанда Нью-Йоркте «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.