ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН IV ФЕСТИВАЛЬ БАСТАЛАДЫ
2015 жылдың 14-20 қазан аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль өткізіледі. Оған Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 2000-ға жуық спортшы қатысады.
Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын фестиваль бағдарлама бойынша спорттың 13 түрінен аламан бәйге 25 шақырым, бәйге 16 шақырым, құнан бәйге 7 шақырым, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, жамбы ату, жекпе-жектен өтеді.
Сондай-ақ, «Сәнді киіз үйлер» байқауы мен «Керемет сәйгүлік» сұлу аттар байқауы да ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Бұл сайыс 1999 жылы Астана қаласында алғаш рет жалауын көтерген еді. Ал Қызылорда облысы - төртінші болып қабылдауда. Негізі аталмыш шара облыста бірінші мәрте ұйымдастырылуда.
Фестиваль 4 кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңі - ауылдық округтардағы жарыстар 2015 жылдың 1-25 мамыр аралығында, екінші кезеңі - аудандық жарыстар 1-25 маусым аралығында, үшінші кезеңі - облыстық іріктеу жарыстары шілде – тамыз айлары аралығында өткізілсе, төртінші кезеңі - ақтық жарыстар Қызылорда қаласында ұйымдастырылады.
Ойындар 14 қазан күні басталады. Фестивальдің салтанатты ашылуы: 16 қазан сағ: 17.00 орталық стадионда.