"ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫНДА" ҚЫЗЫЛОРДА НАМЫСЫН ҒАЛЫМЖАН ӘБДІРАХМАНОВ ПЕН НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ ҚОРҒАЙДЫ
Таразда қазақ күресінен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып ұйымдастырылған үшінші "Еуразия барысы" халықаралық турнирі басталды.
Үшінші "Еуразия барысы" халықаралық турниріне Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары қатысады. Командалық түрде өтетін белдесулерде балуандар 7 салмақ дәрежесі бойынша (55, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі) боз кілемге шығады.
Аталмыш додада Қызылорда облысының намысын ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионы Ғалымжан Әбдірахманов пен Қазақстан барысы турнирінде көрермендер көзайымы номинациясының иегері Нұрым Сәлімгереев қорғайды.