ИЛЬЯ ИЛЬИННІҢ ШӘКІРТІ ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨТКЕН ҚР СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АЛТЫНЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Илья Ильиннің шәкірті Рүстем Сыбай Талдықорғанда өткен ҚР спартакиадасында 165 келіні бағындырып, алтын жеңіп алды.
Үш салмақта өткен спартакиаданың төртінші күні ерлер өнер көрсетті. Алғашқы лекте 77 келі салмақтағы спортшылар шығып, 14 ұпай үстемдікпен алға суырылып шыққан Атырау облысының зілтеміршісі Нижат Рахимов ұтып кетті (160+196). 85 келіге дейінгі салмақта 2015 жылғы Азия чемпионы Ермек Омиртай 376 (165 + 211) көрсеткішімен жеңімпаз атанды.
94 келі салмақта қатысқан спортшылардың қарасы аз болды. Тұғырға бірінші шыққаннан-ақ Илья Ильиннің шәкірті – қызылордалық Рүстем Сыбай қарсыластарын айқын басымдықпен басып озып, көш бастады. Бәсекелесінен бірден 35 келі жоғары зілтемірді бағындырған ол 165 келіні оңай еңсеріп тастады. Үш рет шыққанда да барлық мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланған Рүстем 175 келіде тоқтады.
Жерлесіміздің жеңісімен құттықтаймыз!
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА