СЕРІК АБДРАХМАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Серік Абдрахмановты еске алуға арналған еркін күрестен турнирге 210 спортшы қатысып, 13 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтады. Жаңақороған ауданы Бірлік ауылына Көкшетау, Атырау, Шымкент, Кентау, Түркістан мен Қызылорда қаласынан келген командалар турнирдің мәртебесін арттыра түсті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Турнирдің ашылу салтанатында сөйлеген аудан басшысы Руслан Рүстемов, ауданда спорт қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Ол еркін күрестен Олимпиада ойындарына қатысқан Жасұлан Мұхтарбекұлы мен Дәулет Ниязбеков, әлем чемпионатында олжа алып жүрген Ғалымжан Өсербаев пен Азамат Шағапұлы соның дәлелі екенін айтты. Жалпы, ауданда еркін күрес спортының дамуына қомақты үлес қосқан С.Абдрахмановтың есімі ұлықтала беретінін және турнир алдағы уақытта халықаралық деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.