ҒАЛЫМЖАН ӨСЕРБАЕВ - ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӘСКЕРИЛЕР АРАСЫНДА ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ ЖЕҢІМПАЗЫ
Оңтүстік Кореяның Мин Йонг қаласында төрт жылда бір өтетін әскерилер арасында Олимпиада ойындары жалауын желбіретті. Айтулы додада сәтті өнер көрсеткен еркін күрес шебері Ғалымжан Өсербаев (74 келі) пен Азамат Шағапұлы (65 келі) қола медаль иегері атанды. Бұл туралы Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мин Йонгте көк байрақты желбіреткен Ғ.Өсербаевпен телефон арқылы хабарласқанда: «Бірінші кездесуде түрік балуаны А.Оздемир, сосын тунистік В.Вилеланы айқын басымдықпен ұттым. Алайда жартылай финалда немістер үкілеп қосқан Г.Харттан бір балл айырмашылығымен (5:4) есе жібердім. Қола медаль үшін кілем иесі Ли-Сионгпен белдесіп, қарсыластың осал жерін таптым. Жалпы, додаға алтын үшін барған-тұғынмын. Бұл мұрат-мақсат алдағы сайыста шыңдыққа айналдыру үшін, еңбекті еселей түсемін», - деп жауап қатты.