«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ» АТЫНАН «АЛҒЫС ХАТ» БЕРІЛДІ
«Қазақстан Республикасының дзюдо Федерациясының» Президенті К.Рақышевтің атынан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сүлеймен Сағатбекке «Алғыс хат» берілді.
Судья өзінің негізгі сот төрелігін жүзеге асыру жұмысынан басқа спортқа өте құмар, әсіресе дзюдоға. Бұл жақсы әдетке оған әкесі үйреткен.
Өзі біраз уақыт күреспен айналысқан судья жыл сайын оның әкесі, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнирлер өткізуге белсенді қатысады.
Осы жылы да 3-4 қазан күндері 15-ші рет өткізілген турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген 247 спортшы қатысты. Олар 16 салмақ категорияларда сайысты. Олардың арасында 45 дзюдоист қыздар да болды.
Жоғары деңгейде өткізілген турнир женімпаздарды анықтады. Олар құрмет грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ал судья Сүлеймен Сағатбекке аталған турнирді ұйымдастыру кезінде белсенділік танытқан үшін «Қазақстан Республикасының дзюдо Федерациясы» атынан «Алғыс хат» пен медаль берілді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі