ҚАРМАҚШЫДА ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Қызылорда қаласында 3-4 қазан күндері Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған дзюдодан 1996-1997 жылы туылған жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Биыл он бесінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге елміздің 11 облысынан және Өзбекстан елінен 247 татами шеберлері қатысып, 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Оның 45-і қыздар, 202-сі ұлдар.
Болатбек Сүлейменов 1938 жылы Қармақшы ауданының Алдашбай ахун ауылында дүниеге келген. Көп жылдар бойы шаруашылық, партия органдарында қызмет жасап, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан азамат. Үздіксіз қызметіндегі қол жеткен табыстары үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақ ССР-нің Жоғары кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қармақшы ауданының мәслихатының қаулысымен 1998 жылы «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атанды.
Жарыстың салтанатты ашылуында "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байқадамов Наурызбай, ҚР дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев, ҚР Парламенті Сенатының 2 шакырылым депутаты Бақберген Досманбетов және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, дзюдо күресінің дамуына үлес қосқаны үшін Б.Сүлейменовтың ұлы Сағатбек Сулейменовке ҚР дзюдо федерациясының алғыс хаты және естелік медалі табысталды.