ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА МИНИ-ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Қызылордада қыздар арасында мини-футболдан турнир өтті. Облыстық футбол федерациясының қолдауымен өткен жарысқа жеті әуесқой командалар қатысты. Бұл жолы мектеп оқушыларынан бөлек колледж студенттері де бақ сынасты.
«Биыл бірінші рет қыздар арасындағы футболдан өтіп отырған турнир әрі қарай жалғасын табады деп үміттенеміз. Болашақта Қазақстан чемпионатында облыстың намысын қорғар қыздар құрамасын құру мақсатында әдейілеп 15-16 жастағы жастарды қамтыдық», - деп өз ойымен бөлісті облыстық футбол федерациясының атқарушы директоры Ақмарал Төребаева.
Топтық раундтың қорытындысы бойынша, ақтық сайыста М.Мәметова атындағы педагогикалық колледж бен №143 орта мектебінің командалары жүлделі бірінші орынға таласты. Нәтижесінде 2:0 есебімен «педагогтар» басым түсті. Ал үшінші жүлдері орын Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің командасын баса озған аграрлы-техникалық колледжіне бұйырды.
Сонымен қатар, үздік ойыншылар да марапатталды. №211 орта мектептің голкипері Ұлдана Ерниязова үздік деп танылды. «Үздік қорғаушы» номинациясын №198 мектептен Рашида Резяпова, «Үздік шабуылшы» атағын музыка колледжінің студенті Аружан Мухамеди ұтып алды. Турнирдің ең үздік ойыншысы атағы аргарлы-техникалық колледжінен Диана Досқалиға бұйырды.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА