ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН 11 ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
Жақында Алматы қаласында байдарка мен каноэде есуден «Жылдам қайық» атты 1999-2000 және 2001 жылдары туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі аяқталды.
Байдарка мен каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков пен жаттықтырушы Диана Хазиеваның шәкірттері аталмыш жарыста каноэден сынға түсіп, 3 алтын, 5 күміс, 3 қола медальді иеленді. Атап айтсақ, қыздар арасында өнер көрсеткен Гүлжайна Тыныбекова мен Эльнура Нұрланова екілік бәсекесінде 200, 500 метрге ескен спортшылардың арасында алғашқы болып келді. Сондай-ақ, 200 метрге жалғыз есуден тәжірибелі спортшы Гүлжайна Тыныбекова жеңіске жетті.
Ұлдар жұбында Алтынбек Қожахмет пен Нұрхан Ысқақ 500 метр қашықтықта, 200 метр қашықтықта төрт кісілік каноэде Алтынбек Қожахмет, Нұрхан Ысқақ, Темірғали Орақбаев және Диас Бахраддиндер күміс жүлдені еншілесе, Алтынбек Қожахмет бірлік бәсекесінде 200 және 500 метрде екінші болып келді. Ал қыздар арасында Гүлжайна Тыныбекова 500 метр қашықтықта 2-ші орынды иеленді.
Ұлдар арасында 200 метр қашықтықтағы каноэ-екілік сайысында Алтынбек Қожахмет пен Нұрхан Ысқақ, 500 метр қашықтықта Темірғали Орақбаев, қыздар арасында 200 метр қашықтықта Гүлжайна Тыныбекова мен Эльнура Нұрланова қола жүлдені еншіледі.
Спортшылардың барлығы №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.