ПЕТРОҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
15-25 тамыз аралығында қаламыздағы «Арай Санрайз» балалар тынығу лагерінде «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның жүлдесіне арналған футболдан мектеп оқушылары арасында облыстық дәстүрлі жарыс ұйымдастырылған болатын. Апта басында аталмыш іс-шара өз мәресіне жетті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа облыстағы барлық аудандар мен Қызылорда қаласынан 8 команда 144 спортшы қатысқан.
Жарыс мақсаты жалпы білім беретін мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортпен айналысуға, оның ішінде футбол ойнына тарту, жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, бөлімдерде спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және келешек спортшыларды анықтау болып табылады.
Осымен 17 мәрте ұйымдастырылып отырған жарыс бұл жолы да тартысты да қызықты өткендігі жөнінде жарысқа қатысушы лагерь тынығушылары жарыса айтуда. Апта бойына қызықты ойын көрсеткен командалардың әрқайсысы бір-бір жеңіске лайық дегенмен, үздік төрт команда ойыншылары қатарластарынан оза шауып келген. Жарыс жеңімпаздары арасында жүлделі ІV орын иегері деп Шиелі футбол командасы танылса, ІІІ орын тұғырынан Жалағаш ауданы ойыншылар көрінген. Сондай-ақ ІІ орынды Арал ауданы командасы қанжығаларына байласа, І орын мінберінен Қызылорда қаласының футбол командасы көрінген. Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен ойыншылар арасынан номинацияға ие болғандар да бар. Мәселен, «Мерген ойыншы» номинациясы бойынша Жаңақорғандық Б.Айдарбек, «Үздік қақпашы» деп Қазалы ауданынан келген Н.Қанатбай, «Үздік шабуылшы» номинациясы сырдариялық А.Әшетов, Қармақшы ауданынан келген Б.Шаңатов «Үздік қорғаушы» және «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясына қызылордалық М.Кеңесбай ие болды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алғыс хаттарымен» және «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздарға марапатты компания басшысы Цинь Хунвэй және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Мұстафаев табыстады. Жеңімпаздар жүлделері табысталғаннан кейін «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның басқарма төрағасы Цинь Хунвэй сөз кезегін алып, «Компанияның өңірге деген үлкен көмегінің бірі балаларға жағдай жасау болып табылады. Осы орайда компания балаларға көп көңіл бөлуде. Жақында компанияның «Шаттық керуені» акциясы да өз мәресіне жетті. Төрт жыл ішінде «Керуен» аймақтағы барлық лагерлерде болып, акция барысында түрлі жарыстар өткізілді. «Мектепке жол» акциясы аясында компания атынан 300 оқушыға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары таратылды. Бүгінде биылғы маусымда 1080 бала тегін жолдамамен дем алған «Арай Санрайз» лагеріде маусымдық өз жұмысын аяқтағалы отыр», - деді. Басқарма төрағасы одан әрі балаларға алдағы оқу жылында тек сәттілік тіледі.
Марапатқа ие болып, жеңімпаз атанған жас футболшылар да өз қуаныштарын жасыра алмады. Қазалы ауданынан келген 9 сынып оқушысы Н.Қанатбай лагерьге келгеніне өте қуанышты екендігін және алдағы жылы қайта оралатынын жеткізді. «Мерген ойыншы» номинациясының иегері жаңақорғандық Б.Айдарбек ойын барысында қарсылас командаларға бес гол соққанын мақтанышпен айтып өтті. Қатарынан үшінші жыл дәстүрлі жарысқа қатысып келетін ойыншы жасөспірім сайыс алдағы уақытта да өз жалғасын тапсын деп тілек білдірді.
Д.МАХАНОВА