ШИЕЛІДЕ 29-ШЫ «АЛТЫН КҮЗ» ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ОЙЫНДАРЫ ТАРТЫСТЫ ӨТУДЕ
Шиеліде ауыл спортшыларының «Алтын күз» облыстық спартакиадасы тартысты өтуде. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталмыш шара 1986 жылы Тереңөзекте бастау алып, бүгінде 29-шы мәрте ұйымдастырылуда. Дәстүрлі спартакиадаға облысымыздың 7 ауданынан 1500 спортшы спорттын 15 түрінен қатысуда.
Міне, ауыл спортшыларының басын қосқан доданың алғашқы жеңімпаздары да белгілі болды. Сайыс бағдарламасы бойынша гір көтеруден жарыс аяқталды. Жеті ауданнан 49 спортшы қатысқан сайыс 7 салмақта өтті. 63 келі салмақта Ерсұлтан Жалғасбаев (Кармакшы), 68 келіде Нұрсұлтан Көлдеев (Сырдария), 73 келіде Абай Қазыбеков (Шиелі), 78 келіде Нұрлан Ахметов (Жаңақорған), 85 келіде Нұрлыбек Абдуллаев (Қармақшы), 95 келіде Руслан Рахметов, +95 келіде Өндірей Жандаулет (екеуі де Қазалы) сайыстың чемпиондары атанды.
Жалпыкомандалық есепте:
1-орын Шиелі
2-орын Сырдария
3-орын Арал
4-орын Жаңақорған
5 - орын Қазалы
6 -орын Қармақшы
7 - орын Жалағаш