БОКСШЫ ҚЫЗДАР ӨЗБЕКСТАННАН ЖҮЛДЕЛІ ҚАЙТТЫ
Бұхара қаласында өткен Өзбекстанның Тәуелсіздігі күніне арналған әйелдер арасындағы бокстен Халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бәсекелі додаға қатысқан Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасындағы қыздар көпшіліктің назарын аударып, шеберліктеріне тәнті етті.
Үш салмақ дәрежесінде өткен жарыста Қазақстан құрамасы 10 алтын ұтып алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды нақты иемденді. Айта кетейік, шаршы алаңға 1999-2000 және 1997-1998 жылы туылған Өзбекстан мен Қазақстаннан 100-ден аса спортшы шығып, бақ сынасқан болатын.
Біздің қыздарымыз әу бастан-ақ қарсыластарына дес бермей, көшбасшылық позицияны ұстанды. Оның ішінде қызылордалық спортшы қыздардың еңбегін ерекше айтып өткен дұрыс.
Сонымен, қазылар алқасы турнирдің чемпионы атағына Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы Аида Ондашты лаық көрді. 75 келі салмақта өнер көрсеткен Аида барлық қарсыластарын жеңді. Қазалылық тағы бір спортшы қыз Даметкен Келимбет ақтық сайыста қарсыласына ұпай жіберіп алып, күміс жүлдегер атанды.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА