ЕЛГЕ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
ХІ Әлемдік өрт-құтқару спортына қатысушы Назерке Өмірғалиеваны өртке қарсы қызмет ұжымы ыстық ықыласпен күтіп алды. Назеркенің ең жақын адамы – анасы Айжан Әбдіраманованы ортаға алып, Қазақстанның Туын көтерген он шақты кісі темір жол вокзалында спортшы қызды қарсы алды. Сүйікті қызы басқа қалаларға жарысқа қатысуға кетіп, елімізге үнемі медальмен оралады. Бұл жолы да Назерке Өмірғалиева Қазақстан Республикасының қоржынына қола медаль салды.
Небары 20 жасар Назерке Өмірғалиеваның 50 мадақтау қағазы, 30 медалі және солардың ішінде 12 мәрте 1 – орын алған жетістігі бар екен. Ол бала кезінен бастап спартакиадалық жарыстарға жиі қатысып тұрды. Қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысу оны Ресей Федерациясындағы, Санкт – Петербург сияқты әлемдік өрт –құтқару спортына қатысуға жетеледі.
- Біздің спортшы қызымыз өрт-құтқару спортынан ХІ Әлемдік Чемпионатында өз дәрежесінде лайықты өнер көрсетті. Біз оны осы ерлігі үшін мақтан етіп, үлкен ықылас білдіріп күтіп тұрмыз. Назеркенің анасына ұжым атынан шын ниетімізбен зор денсаулық, ал біздің жеңімпазымызға алдағы уақыттарда қызметте де, спортта да табыс тілейміз, - деді мекеме бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Ғ.Імбетов.
Назерке өз қуанышын жасырмай, қолдау көрсетіп, қошемет жасағандарға зор алғысын жеткізді. Ол өз сөзінде мұндай жетістік ұзақ уақыт еңбектенудің, жаттығудың, шыныққан дене мен ержүректіліктің арқасында келетінін атап өтті.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ