«АСТАНА» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІНДЕ ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ
Елордалық «Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасы топтық кезеңіндегі «Бенфикаға» қарсы дебюттік кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды alaman.kz.
Ойынның алғашқы бөлігінде «Бенфика» алаң иелері, оған қоса фаворит ретінде де ойынды түпкілікті өз қолына ала білді. Николас Гайтан мен Константинос Митроглу қонақтарды қорғаныс шебінде көп алаңдатты. Сондай-ақ, бразилиялық Жонас та Эрич қорғаған қақпаны бірнеше мәрте нысанаға алды. Дәлірек айтсақ, Жонас екі рет Эричпен жеке дара шығып, соққы бағыттаған еді. Бірақ сербиялық голкипер қос сәтте де аяғын тосып, керемет сейв жасап үлгерді.
Ал «Астана» сапынан шабуылда Бауыржан Джолчиев белсенділік танытты. Оң қапталдан бірнеше ойыншыны қапы қалдырып, гол соғатын керемет мүмкіндіктерге де ие болды. Қос ойыншыны алдап өтіп, айып алаңына ене берген сәтте Элизеу оны шалып жыққан болатын. Алайда, грекиялық төреші айып соққысын белгілемеді.
Екінші тайм бастала салысымен, Станимир Стойлов та ойыншы ауыстыруды бастап кетті. Джуниор Кабананганың орнына Алексей Щеткин шықты. Алаңға кіре салысымен, гол соғатын тамаша мүмкіндікке ие болды. 47-ші минутта Жулио Сезар қорғаған қақпаның алдындағы қарбалас сәттің бірінде Щеткин допқа аяғымен жанасып, соққы бағыттады. Теңбіл снаряд қақпаның бағанасынан кері серпілді.
Есеп 51-ші минутта ашылды. Астаналық қорғаушылардың өрескел қателігін ұтымды пайдалана білген Николас Гайтан қақпаның алыс бұрышына допты дәл көздеп, командасын алға шығарды.
Осыдан кейін алаң иелері тоқтап қалмады. 61-ші минутта Константинос Митроглу есепті еселей түсті. Қарымта шабуылмен ұйымдастырылған ойын өрнегі сол қапталдан өрбіді. Дәл осы тұстан берілген пасты ұтымды пайдаланған грекиялық футболшы жеңісті голдың авторы атанды.
Қос голдан кейін, «Бенфика» ойыншылары қорғанысқа көп мән беріп, шабуылға сирек шықты. «Астана» бірнеше мәрте шабуылдағандарымен еш нәтиже шықпады. Осылайша, соңғы ысқырықтың да үні естілді. Қорытынды есеп — 2:0. Қанша ауыр болса да, төзуге тура келеді.
Футбол. УЕФА Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең. Алғашқы тур.
«Бенфика» (Португалия) — «Астана» (Қазақстан) 2:0 (0:0)
Голдар: Гайтан 51 (1:0), Митроглу 61 (2:0)
15. 09.2015. Лиссабон қ., «Эштадио де Луш» стадионы.