СУДЬЯЛАР МЕН СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ
Сыр судьялары мен сот қызметкерлері «Сейхун» спорт кешенінде 5 түрлі спорттық ойындар бойынша шаршы алаңда күш сынасты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Спартакиаданы ашқан облыстық сот төрағасы Қ.Қайырбеков спорттық шаралардың ұйымшылдық пен бірлікке үйрететінін, әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал ететіндігін атап өтті. Ойыншыларға осы жарыста сәттілік пен жеңіс тілейтіндігін жеткізді. Тартысты талас кіші футбол, арқан тарту, шахмат, гир көтеру мен үстел теннисі ойындарымен өрбіді.
Спорттық додаға судьялар мен сот қызметкерлерінен құрылған 5 топ «Айбын», «Сұңқар», «Қанағат», «Тура би» және «Барыс» түсті. Өздері жетік меңгерген ойын түрлері бойынша командалар жарысқа сақадай сай тұрды. Футбол бойынша талай турнирлерде озық ойын үлгілерімен ерекшеленіп, жүлделі болып жүрген облыстық сот судьялары мен сот қызметкерлерінен құрылған «Айбын» тобы жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші орынды «Барыс», үшінші орынды «Қанағат» қанжығаларына байлады. Әдеттегідей үздік ойыншылар анықталып, теңбіл допта өз шеберліктерін көрсеткен облыстық соттың бас маманы Дархан Махамбетов «Ең үздік шабуылшы», Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Нұрлыбек Қосанов «Ең үздік қорғаушы», Қазалы аудандық сотының судьясы Мұрат Оспанов «Ең үздік қақпашы» номинацияларын иеленді.
Арқан тартудан 1 орын «Қанағат», 2 орын «Сұңқар», 3 орын «Барыс», ал үздік арқан тартушы номинациясы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбу Айбекке бұйырды.
Ерлер арасында шахматтан 1 орынды «Қанағат» тобынан Қызылорда қалалық сотының сот приставы Е.Елубаев, 2 орынды «Сұңқар» тобынан кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов, 3 орынды «Тура би» тобынан Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдрахман алса, аталмыш сайыс түрінен қыздар арасында өткен шахматта 1 орын «Қанағат» тобынан қалалық соттың судьясы Г.Мырзатаева, 2 орынды «Сұңқар» тобынан Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы А.Исахаева, 3 орынды «Айбын» тобынан облыстық соттың бас маманы А.Накиева иеленді.
Гир көтеруден бірінші орынды «Барыс» қанжығасына байласа, екінші орын «Сұңқарға» бұйырды, ал, үшінші орынды «Қанағат» місе тұтты.
Ерлер арасындағы үстел теннисінен «Айбын» тобынан облыстық соттың іс жүргізу инспекторы Е.Құрманбаев алдыға шықса, «Сұңқар» тобынан екінші орынды қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының О.Миралиев, «Қанағат» тобынан үшінші орын қалалық соттың төрағасы А.Бабатовқа бұйырды. Ал, қыздар арасында үстел теннисі 1 орын «Барыс» тобынан Қазалы аудандық сотының судьясы Г.Тыныштықбаева, 2 орын «Тура би» тобынан Шиелі аудандық сотының судьясы Г.Құрманбай, 3 орын «Айбын» тобынан А.Накиева иеленді.
Ойыншыларға арнайы жүлделер табыс етілді. Барлық жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Шаршы алаңда ойын өрнегі мен шеберлігін, күш пен ептілікті, әсемдікті көрсетіп, командалық бірлікті таныта білген судьялар мен сот қызметкерлері келесі спартакиадада жолыққанша қол алысып, ыстық ықыласпен тарқасты.