«ПЕТРО ҚАЗАҚСТАННЫҢ» ЖҮЛДЕСІ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРТЫС
«Арай-Санрайз» балалар демалыс лагерінің аумағында ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жүлдесін сарапқа салған мектеп оқушылары арасында дәстүрлі 18-ші футболдан облыстық турнирі болып өтті.
Турнирдің ұйымдастырушылары - облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «ПҚҚР» АҚ, жалпыға білім беретін мектеп оқушыларын дене шынықтырумен және спортпен, оның ішінде футболмен айналысуға тарту, жасөспірімдер арасындағы достықты нығайту, балғын спортшылардың шеберліктерін арттыру және оқушылар арасындағы футболдан облыстық құрамаға кандидаттарды анықтау мақсатын ұстанды. Жарысқа Байқоңыр және Қызылорда калаларын қосқанда, облыстың барлық аудандарынан 162 жас спортшы мен тоғыз команда келді және футболшы-демалушылар ауысымы қызықты да ұмытылмастай өтті. «Арай-Санрайздың» футболшылар ауысымына осы жылдан бастап Байқоңыр қаласының оқушылары да қатысатынын атап өткеніміз жөн.
- «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы аймақ балаларының жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау жұмыстарына барынша атсалысып келе жатқаны барлығына белгілі, - деді. – Атап айтқанда, «ПҚҚР» АҚ компаниясының есебінен биыл Қызылорда қаласында жетім балаларға арналған «Атамекен» отбасылық үлгідегі ауылы пайдалануға берілді, Илья Ильин атындағы спорт алаңы қайта жаңғыртылды және басқа да әлеуметтік маңызы бар бірсыпыра қайырымдылық жобалары жүзеге асырылды. Мысалы, жақында ғана облыстың барлық лагерлерінің барлық ауысымдарында демалып жатқан балаларға осымен бесінші жыл қатарынан мұнайшылар түрлі сыйлықтар алып баратын, балалардың ықыласына бөленген «Шаттық керуені» қайырымдылық акциясы аяқталды. Бұдан басқа, «Мектепке дайындық» акциясы барысында облыстың үш жүзден астам оқушыларына ішінде мектепке қажетті құрал-жабдықтар бар сөмкелер табыс етілді. Ал «Арай-Санрайз» балалар лагерінде осы жылғы демалыс маусымында бір мың екі жүзден астам бала тегін демалды. Барлығыңызға алдағы жаңа оқу жылында табыстар тілеймін, ал футболшыларға – қызылордалық «Қайсар» командасының лайықты ізбасары болуға тілектестік білдіремін, - деді турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген «ПҚҚР» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев.
Бірайналымдық турнир қорытындылары бойынша анықталған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және бағалы жүлделер тапсырылды. Марапаттау рәсімін «ПҚҚР» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Жақсылық Оспанов жүргізді.
Бірінші орынды Қызылорда қаласының жас спортшылар командасы жеңіп алды. Жеңімпаз футболшыларға ойын компьютерлері табыс етілді. Екінші орын алған Жалағаш ауданының оқушыларына жүлдеге DVD-плейерлер тапсырылды. Шиелі ауданының намысын қорғаған үшінші орын жүлдегерлері сыйлыққа әсем безендірілген қабырға сағатын алды.
Мұнайшылар шебер ойын өрнегін көрсете білген үздік ойыншыларды да номинациялар бойынша марапаттады. Олардың қатарында: қақпашы Сәкен Сабырбек (Қармақшы ауданы), қорғаушы – Мирас Атағұлов (Байқоңыр), жартылай қорғаушы - Жанболат Әбдіраман (Жанақорған ауданы), шабуылдаушы – Медет Маратұлы (Сырдария ауданы) бар. Турнирдің үздік шабуылшысы болып Жеңісбек Өміржанов (Арал ауданы) танылды. Номинациялар бойынша анықталған жүлдегерлердің барлығына термопоттар табыс етілді.
Ұйымдастыру комитеті сонымен қатар үздік төрешілер мен арбитрлерді де сый-сияпатсыз қалдырған жоқ. Жаттықтырушылар - Теміржан Атағұлов (Байқоңыр), Нұрлан Байшораев (Қызылорда), Асылбек Каражатұлы (Қазалы ауданы) және Дәуіржан Досымханов (Қармақшы ауданы), төрешілер – Алексей Куберский, Еркін Жантуғанов, Мақсат Әжімбетов және Абзал Жақановтарға кәуап пісіретін электр пеш тарту етілді.
Айдос АБСАТ