«АСТАНА» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ
Чемпиондар Лигасы плей-офф раунды аясында қазақстандық «Астана» кипрлік АПОЭЛмен тең ойнап, қос ойынның нәтижесі бойынша аталған турнирдің топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды alaman.kz.
Еліміздің үздігі «Астана» Чемпиондар Лигасында өзінің дебюттік қатысуында сенсациялық көрсеткішпен іріктеу кезеңінен асып, қазақ футболының тархында тұңғыш рет айтулы доданың топтық кезеңіне жолдама алып отыр. Түн ортасында теледидарға үңіліп, өз командасын қолдап отырған жанкүйерлердің сенімін ақтап, тарихтың жаңа беттерін ашты. АПОЭЛ сынды азулы қарсыластан айласын асыру кез келген клубтың қолынан келе беретін іс емес. Стадионға командасын қолдап келіп отырған жанкүйерлер кездесу барысында мүлдем дамыл таппады. Уілдеген дауыстар АПОЭЛ оыншыларын жігерлендіргенімен, елордалық жігіттерді еш қаймықтырмады.
12-ші минутта Дмитрий Шомко өз қапталымен шабуылға шығып, айып алаңына керемет пас шығарды. Бірақ асырылған допқа қорғаушылар аяғын тосып үлгерді.
Арада үш минут уақыт өткенде қонақтар тағы да шабуылға көшті. Фокси Кетевоама екі бірдей қорғаушының арасынан өтіп қақпаға соққы бағыттады. Алайда доп Бой Ватерманның қолынан табылды.
22-ші минутта Мариос Антониадес серпілген допқа иелік етіп, Ненад Эрич қорғаған қақпаға қарай соққы бағыттады. Бұл жерде тағы да қорғаушылар мықтылық танытты.
35-ші минутта Бауыржан Жолшиевтің оң қапталдан бір қорғаушыны алдап өтіп, қақпаға бағыттаған соққысын Ватерман өз уысында ұстай білді.
Осыдан соң алаң иелері шабуылды үдете түсті. 37-ші минутта қарымта шабуылға шыққан Луиз Леал Эричпен жеке дара шығып, спорттық снарядты қақпаға бағыттады. Доп қақпа бағанасынан кері серпілді.
Есеп ойынның екінші бөлігінде ашылды. 60-шы минутта Кетевоаманың ойын тәртібін бұзуына байланысты айып соққысы белгіленді. Семир Стилич берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, Эричке еш мүмкіндік қалдырмастан тамаша гол соқты.
72-ші минутта біздің қақпаға тағы бір айып соққысы белгіленді. Нүктеге Димитрис Хараламбус орындады. Қақпаға тура бағытталған жойқын соққыны Эрич қайтара білді.
82-ші минутта таразы басы теңесті. Жолшиев сол қапталдан сытылып шығып, айып алаңына жерлете пас шығарды. Допқа үн қатқан Неманья Максимович қақпа торын бүлк еткізіп, командасын қос ойындағы есеп бойынша алға шығарды.
Максимовичтің осы жылы өткен жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында шешуші гол соққаны есімізде шығар. Міне, бұл жолы да осы ойыншы елордалық жігіттерді Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығуына өз үлесін қосып отыр.
Осыдан соң ойындары сылбыр бола бастаған кипрліктер толықтай дерлік жеңіліске мойын ұсынғандай еді. Қос бірдей қателік жіберді, ал астаналықтар қарымта шабуыл кезіндегі бұл мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана алмады. Дегенмен, біздің жігіттер керемет ерлік жасап, топтық кезеңге жолдама алды. Бұл қазақ футболы тарихындағы айтулы жеңіс.
Футбол. Чемпиондар Лигасы. Плей-офф. Жауапты матч.
АПОЭЛ (Кипр) — «Астана» (Қазақстан) 1:1 (0:0)
Голдар: Стилич 60 (1:0) — Максимович 82 (1:1)
Ескертулер: Де Винченти 32, Илич 37, Хараламбус 31, Шомко 63, Каньяс 72, Аничич 88, Вандер 88
Бас төреші: М. Аткинсон (Англия)