ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАП КЕТТІ
WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) осы салмақтағы IBF чемпионы Давид Лемьемен (34-2, 31 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
Нью-Йорк, Квебеке және Лос-Анджелес қалаларында болған ірі медиа-турдан кейін Головкин Калифорнияда орналасқан Big Bear лагерінде жаттығу процессіне көшті. Лемьеге қарсы жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болады. Оны HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы таратады. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Осыған дейін қазақстандық боксшы мамыр айында америкалық Вилли Монроны жеңген болатын. Айта кетейік, IBF чемпионы Давид Лемье (34-2, 31 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берген болатын.