ИЛЬИН ТҮНГІ ЖАТТЫҒУ КЕЗІНДЕ ЖАҢА ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ
Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жаңа әлемдік рекорд жаңартқанын жазды. Жұлқа көтеру бойынша 250 келі салмақты бағындырды.
Естеріңізге сала кетейік, Ильиннің жұлқа көтеруден бұған дейін жаңартқан әлемдік рекорды 242 келіні құраған. Бұл жетістік қазақстандық спортшыны әлем чемпионы етті.
Шынар БЕКБАН
Шынар БЕКБАН