СЫР ЕЛІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПАРАЛИМПИЯЛЫҚ ОЙЫНДАРДАН 10 ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасының 4-ші Паралимпиялык ойындарында Қызылорда облысының спортшылары 10 жүлдені иеленді. Жарыс суда жүзу, пауэрлифтинг, ок ату, жеңіл атлетика, волейбол, үстел теннисі, арбамен билеу сынды спорттың 7 түрінен өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Біздін спортшылар спорттың төрт түрінен бақ сынап, 5 алтын, 4 күміс, 1 қола медальді облыс қоржынына салды. Жарыстың алғашқы күнінде пауэрлифтингтен сынға түскен Сыр елініҢ спортшылары 4 медаль олжалады. Атап айтсақ, 45 келі салмакта өнер көрсеткен Қабира Асқарова чемпион атанды. Сонымен қатар, ол 82 келіні көтеріп, Қазақстан рекордын жаңартты.
65 келіде Айбек Абжан алтын жүлдені иеленсе, 45 келіде Алтынкул Иманбаева мен 54 келіде Ерболат Алімбетов күміс жүлдені еншіледі.
Найза лақтыру сайысында Ислам Салимов пен Жоламан Еламан жеңімпаз атанса, Жоламан диск лактырудан күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ, Қолқанат Бақберген ұзындыққа секіруден алтын жүлдегер атанса, найза лақтырудан қола медальга қол жеткізіп, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Ал волейбол сайысында сынға түскен облыс құрама командасы 2-орынды еншіледі. Қазақстанның барлық аймағынан таңдаулы спортшылар бақ сынаған бәсекеде облысымыздың мерейін үстем еткен жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.