ҮШ ЖҮЗДІҢ ІШІНЕН БІРІНШІ
Сырдариялық жас спортшы Меруерт Көпболсынова жақында төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының ІV жазғы спартакиадасында таэквандодан әйелдер арасында өткен жарыста 62 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, І орынды жеңіп алды.
Олимпиадалық спорт түрлерінен өткен тартысты жарыста жас таэквандошы қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, ауданның мерейін асқақтатты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Меруерт ерекше спорт түрі саналатын таэквандоға мектеп қабырғасынан бастап қатысып келеді. Соның нәтижесінде, қазіргі уақытта ҚР Спорт шебері, қара белбеу және І дан иегері атанып үлгерген.
«Бұл жарысқа мен ұзақ уақыт дайындалдым. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 300-дей спортшы қатысты. Жарыс барысында 4 мәрте додаға шықтым. Жуырда Қазақстан чемпионатында осы салмақта күміс медаль алған болатынмын. Жаттықтырушым Марат Алдабергеновтың жақсы кеңестерінің арқасында бұл жарыста алтын медаль иегері атандым. Менің осындай жетістікке жетуіме аудан әкімдігі тарапынан көрсетілген қолдаулар зор септігін тигізді. Қазіргі таңда ауданымызда спортпен айналысамын деген жастарға барлық жағдай жасалынған», - деген спортшы қыз өзге де замандастарын салауаттылыққа шақыруды жөн санайды.