СПОРТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде Спорт күні мерекесіне арналған спорт саласы қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру мен спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа облыстық дене шынықтыру мен спорт басқармасы мен басқармаға бағынышты 15 командада 180 қызметкер қатысты. Финалда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің командалары кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салды. Бұл ойында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қарсыластарынан басым түсіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жүлделі үшінші орынды «Мұз айдынының» командасы еншіледі. Сондай-ақ, мерекеге орай облыста спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандары марапатталды.