СЕРГЕЙ КЕЙЛЕР: МЕН ИЗУДЫ ҚОРЛАҒАН ЖОҚПЫН, ҚҰДАЙ ОҒАН ТӨРЕШІ
Нигериялық легионер Изу Азуканың «Тараз» футбол клубының ресми сайтында жарық көрген сұқбатынан кейін «Қайсар» қорғаушысы Сергей Кейлер біздің сұрақтарымызға жауап беріп, мәселенің мән-жайын толық түсіндірді.
- Азука маған қарсы өте дөрекі ойнап, аяқпен тік кірді. Онысымен қоймай, баспен ұрды. Ал мен оны итеріп жіберіп, сол үшін қызыл қағаз алдым. Азука менің үстіме құлап түскенде тұрғым келген. Бірақ ол мені тізесімен күтіп алды, - дейді Кейлер.
- Азуканың айтуынша, оны нәсілшілдік танытып, балағаттапсыз...
- Допқа талас барысында мен оған бірде-бір сөз айтқан жоқпын. Оның айтып тұрғанының барлығы өтірік. Мен адамдарды терісінің түсіне қарай немесе ұлтына, дініне қарай бөлмеймін. Мен үшін адамдардың барлығы бірдей. Біз көпұлтты мемлекетте тұрамыз. Сондықтан, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз қажет. «Қайратта» ойнаған кезімде достарымның бірі – Момоду Сиссей болатын. Жақсы араластық, үйіне де қонақ болып тұратынмын. Өте көңілді, әрі мейірімді жан. Жалпы, адамдардың барлығы да жақсы. Бірақ Азука барғандай әрекетке бару – құрметсіздік. Қазақстанда ешқашан нәсілшілдік болған емес, еш уақытта болмайды да.
- Сол сұқбатында Азука матч басындағы қол алысу сәтінде-ақ оны жақтырмай, жиіркеніштілік танытты деп айтты.
- Шын мәнісінде мен оған жай ғана «Изу, қалайсың?» дедім.
- Бұрын араларыңызда түсініспеушілік, қақтығыс болған ба еді?
- Ол әрдайым ластау ойнайды. «Ертісте» ойнағанында да солай болатын. Сол матчта ол мені өзі әдейі арандатты. Бірақ кешегі ойында бұрынғы түсініспеушіліктер жайлы мүлдем ойыма да алмаған едім.
- Сізге көрсетілген қызыл қағазбен келісесіз бе?
- Егер арбитр солай шешім қабылдаса, демек ол дұрыс. Дегенмен, жанжалды бастаған, соның себепкері Изудың өзі. Құдайдың өзі оған төреші.