СЫР БОЙЫНДА ЖАҒАЖАЙ ФУТБОЛЫ ҚАНАТ ЖАЯ БАСТАДЫ
Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен жағажай футболынан ҚОФФ ашық кубогы өтті.
Жасыратыны жоқ, бұл – елімізде кенде қалған ойын түрі. Астана, Ақтау, Павлодар, Қапшағай сынды қалаларда ғана болмаса, өзге өңірлерде кеңінен етек жаймаған. Дегенмен, биылдан бастап Сыр өңірі де футболдың бұл түріне мықтап ден қоя бастады. «Мелиоратор» компаниясы арена салып беріп, «ҚазТрансГаз-Аймақ» компаниясының қолдауымен балалар арасында алғашқы турнир өткен. Енді міне, ересектер арасында да дүбірлі дода дүркіреп өтті.
Қызылорда облыстық футбол федерациясының ашық кубогына барлығы алты команда қатысты. Құрамына Талғат Сыздықов, Қанат Шерімбетов, Қанат Әлиев, Әлихан Қареев, Бағдат Исмаилов сынды былтырлары «Қайсар» футбол клубында жасындай жарқылдап, биыл бірі бапкер, «Байқоңыр» сапында өнер көрсетіп жүрген саңлақтар «Қайсар» командасын жасақтаса, «Қайсар» футбол орталығының 1996 және 1997 жылғы жеткіншектері екі команда құрды. Сондай-ақ, «Қажымұқан» спорт клубы, қалалық «Жібек жолы» командасы және арнайы шақырылған бұқаралық ақпарат құралдарының журналистер командасы өнер көрсетті.
Алдымен турнир регламенті бойынша командалар үш-үштен екі топқа бөлінді. «А» тобында «Қажымұқан», «Қайсар-96» және БАҚ командасы өнер көрсетсе, «В» тобында «Жібек жолы», «Қайсар» және «Қайсар-97» командалары доп тепті. Турнирдің регламенті бойынша топ жеңімпаздары бірден бас жүлдеге таласса, тобында екінші орын алғандар қола медальді сарапқа салды.
Әлбетте, жағажай футболының спецификасы жасыл алаңдағы аяқдоптан мүлдем бөлек. Қиыршық құмда доп тебу неғұрлым ауыр болғанымен ойындар соғұрлым тартысты, қызықты өтіп жатады. Қайшылата тебу, айнала тебудің небір түріне куә болып жатасыз. Бұл турнирде де солай болды. Командалар алаңда бар өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көзайымына бөленіп жатты. «Твикс» қыздар би тобы да кубокқа өзіндік көрік беріп, турнирді одан сайын қызықты ете түсті.
Сонымен, «А» тобындағы алғашқы ойында «Қажымұқан» командасы «Қайсар-97» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен тізе бүктірсе, келесі «Қажымұқан» мен БАҚ арасындағы ойында 5:4 есебі тіркеліп, небір әсем голдар соғылды. Журналистер мен «Қайсар-96» командасы арасындағы матч та шектен тыс тартысты өтіп, кездесу небәрі бір гол айырмашылығымен «Қайсар» жастарына бұйырды. Ал «В» тобында Талғат Сыздықов бастаған «Қайсар» футболшыларының айқын басымдылығы байқалды. Екі кездесуін де 5:1 және 6:0 есептерімен ойсырата жеңген «Қайсар» өз тобында бірінші орын алып, финалға шықты. Дегенмен, ақтық сында да Талғат Сыздықов бастаған жігіттер «Қажымұқан» футболшыларын 4:1 нәтижесімен жеңіп, бас кубокты қанжығаларына байлады. Үшінші орын інілерін 3:1 есебімен жеңген «Қайсар-96» футболшыларында.
Айта кетейік, бас жүлдегер кубок, медаль, естелік сыйлықтардан бөлек, 40 мың теңгені қанжығаларына байласа, екінші орынға 30 мың теңге бұйырып, үшінші орын иегері 20 мың теңгені иеленді. 4-орын алған команда да жүлдесіз қалмай, 10 мың теңгені еншіледі. Сондай-ақ, үздік номинация иегерлері де ескерусіз қалмай, естелік сыйлық және ақшалай жүлдемен марапатталды.
Қас қарайғанша созылған турнир көрермендердің барлығына да ұнаған секілді. Олай дейтініміз марапаттау рәсімінен кейін жанкүйерлердің өздері қиыршық құмға шығып, асыр салып доп теуіп жатты. Иә, осылайша Сыр өңірінде жағажай футболының дамуына алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Енді келесі мақсат – облыс біріншілігін ұйымдастырып, соның қорытындысы бойынша Қызылорданың намысын Қазақстан чемпионатында қорғайтын команда құру.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі