БАЛЫҚ АУЛАЙ БІЛУ ДЕ – ӨНЕР
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясында жұмысшы-қызметкерлердің табиғат аясында демалуы дәстүрге айналған. Осымен 16-шы жыл қатарынан мұнайшылар ұжым болып табиғатқа шығу арқылы ұйымдағы ауызбірлікті нығайта түсуге және балық аулаудың қызығына беріле отырып уақытты көңілді өткізуге мүмкіндік беретін балық аулау сайысын өткізіп келеді.
Өткен сенбі күні «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі өз әріптестері үшін жазғы корпоративтік балық аулау сайысын ұйымдастырды. Әуесқой балықшы-мұнайшылардың бұл сайысы Сырдария ауданының орталығына жақын тұстағы тал-дарағы жайқалып тұрған өзен жағасында өтті.
Таңғы тыныштықтағы өзен айдыны, құстардың сайрауы, таңғы шықпен көгілдірленіп көрінетін жасыл алқап, көз алдыңдағы қалтқының тербелісі, қармақ желісіндегі қоңыраушаның көптен күткен сыңғыры… Балық аулау – бұл аңшылықтың еліктіріп, қызықтырып әкететін бір түрі, ал кез-келген ауланған балық - жеңісіке жеткендей масайрататын, қошемет-мақтау есіткізетін және қалай олжалы болғаныңды айналаңдағыларға масаттанып айтып беруге себеп болатын қуаныш.
Балық аулау сайысына қатысуға құрамы үш адамнан тұратын барлығы 27 команда өтінім тапсырды. Әр топқа үш сағаттан уақыт бөлінді: таңертеңгі 9-дан түскі 12-ге дейін. Сонымен, белгіленген уақыт мәресіне жеткенде балықшылар олжаларының салмағын өлшетуге таразыға кезекке тұрды.
Су маржанын аулаудан олжалы болғандарды марапаттау рәсімін компания менеджері Хұсайын Сәрсембаев өткізді. Командалық біріншілікте «Ардагер» тобының көңілі жас ардагерлерінің (Акимов Александр, Литвинов Анатолий, Құдабеков Нұрлан) мерейі үстем болды. Төрешілер қолындағы электронды таразының көрсетуінше олардың қармағына түскен балықтың салмағы 5095 грамм болды! Команда мүшелерінің әрқайсысына жүлдеге құрал-саймандар жиынтығы табыс етілді.
Ағаларынан кейінгі екінші орынды аулаған балықтарының салмағы 4595 грамм шыққан «The best fishers» командасының балықшылары - Нұрабаев Кенжебек, Омартаев Ғабит және Жәдігер Айболат иеленді. Ұйымдастыру комитеті олардың қомақты олжалары үшін жүлдеге әрқайсысына екі орындық шатыр тапсырды.
Көрсеткіштері алдыңғы командадан небары 15 грамм кем түскен «Олжа» (МДАЦ) командасының жүлдегерлері - Омар Бек, Мырзабеков Орал және Бүркітбаев Алматқа екі орындық үрлемелі матрас сыйға тартылды. Бұдан әрі шама-шарқынша дайындалып келіп, қанжығасы майлануын төзімділікпен күткен командалар реті былай болды: «Бирка» – 2450 грамм, «КазГерМұнай» – 1925, «FISHHANTER» – 1920, «Нәлім» – 1840, «Мүлт кетпе!» – 1770, «Кәнігі балықшылар» - 1710, «ЦДНГ-2» – 995, «АББАС» - 915…
Екі номинация бойынша жеке біріншілікте ептілігімен көзге түскен балықшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Ең үлкен балық» - салмағы 3090 грамм жыланбалық - ұстағаны үшін «The best fishers» командасының мүшесі Айболат Жәдігерге сэндвич пісіргіш табыс етілді. Ал «Ең кішкентай балық» номинациясы бойынша ұзындығы небары 8 см балық ұстаған «ҚазГерМұнай» командасынан Хань Чжицзинь жүлдегер болды. Жолы болған балықшыларға шай жабдығы тапсырылды.
Көңілді де қызықты өткен балық аулау сайысы балық сорпасын пісіруге ұласты. Жарыс қорытындылары шыққан соң барлық қатысушылар дастарқан басында дәмі тіл үйіретін балық сорпасын іше отырып, сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі