БҮГІН КУАЛА-ЛУМПУРДЕ 2022 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗЕТІН ҚАЛА ТАҢДАЛАДЫ
XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын өткізетін қаланы таңдаудың соңғы күні. 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алудан Алматы мен Бейжің қалалары үмітті. Қысқы Олимпиада ойындарының астанасын ХОК-тың 85 делегаты таңдайды. Қазақстан мен Қытайдың ХОК-тағы мүшелері, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах та дауыс беруге қатыспайды, деп хабарлайды BNews.kz.
Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Халықаралық Олимпиада комитетінің 128 сессиясы өтіп жатыр. Оның басты оқиғасы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қаланы таңдау болмақ. Бүгін қос үміткер қала соңғы таныстырылымын өткізеді. БАҚ өкілдері презентацияны баспасөз орталығында тікелей эфирден бақылап отырады. Алматы өтінім комитетінің құрамында еліміздің белгілі Олимпиада жүлдегерлері мен чемпиондары жұмыс істеуде. Қазақстанның өтінім комитетін Премьер-министр Кәрім Мәсімов басқарады. Бұған дейін Үкімет басшысы ХОК президенті Томас Бахпен кездескен еді. Кездесу барысында қос тарап ХОК-тың алдағы 128 сессиясының күн тәртібін талқылады.
Олимпиаданы өткізуден үміткер қала – Алматының әкімі Ахметжан Есімов те 30 шілде күні сағат 14:00-де ХОК президентімен жүздесті. Тараптар XXIV қысқы Олимпиаданы өткізетін қаланы таңдау мәселелерін сөз еткен болатын.