ТАЭКВОНДОДАН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Қызылордада Қазақстан Республикасының 4-ші жазғы спартакиадасы аясында таеквондодан (WTF) жарыс аяқталды.
Дүбірлі бәсеке Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Айтулы додада еліміздің барлық өңірінен қатысқан 250 спортшы 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 8 жүлдемен Алматы қаласының саңлақтары көш бастады. Олардың еншісінде 4 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль бар. 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен Қызылорда облысы екінші орынды, 4 алтын, 2 қола медальмен Атырау облысы қола жүлдені еншіледі.
Айта кету керек, Қызылорда құрама командасын Николай Курноскин бапкер дайындады, ал 5 дан иегері Қанат Қизатов кеңес берді.