ВАРНАДА НҰРСҰЛТАН КӨЛДЕЕВ 1 АЛТЫН, 1 КҮМІС ЕНШІЛЕДІ
Үстіміздегі жылдың шілде айының 10-15 аралығында Болгария мемлекетінің Варна қаласында гір көтеру спортынан жастар және ересектер арасында Еуропаның ашық чемпионаты өтті. Аталмыш байрақты бәсекеге Қазақстан Ұлттық құрамасының атынан 14 спортшы қатысты. Жарысқа қатысушылар қатарында жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Көлдеев те бақ сынап, жастар арасында алтын медальді, ересектер арасында күміс медальді еншіледі. Бұл туралы Сырдария аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Нұрсұлтан 68 келіде өнер көрсетіп, қос 32 келілік гір тасын серпи 70 мәрте, жұлқа 100 мәрте көтеріп, жарыс жеңімпазы атанды. 22 мемлекет спортшылары қатысқан бәсекеде жасындай жарқырап, бедел биігінен көріне білген спортшының бапкері Жасұлан Өмірбаев шәкіртінің қарсыластарына шақ келтірмегенін мақтана айтты.
Еуропаның ашық чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 алтын, 15 күміс және 2 қола медальді қанжығаларына байлап, жалпы командалық есепте Ресей Федерациясынан кейінгі 2-ші орыннан көрінді. Үшінші орын Украина спортшыларына бұйырды.