ЖЕРЛЕСІМІЗ НҰРЫМ ТАҒЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Павлодар қаласында қазақ күресінен қала күніне орай өткізілген облыс әкімшілігінің «Павлодар Барысы» ашық республикалық турнирі бүгін өз мәресіне жетті. Түйе палуандар сайысында күш сынасқан жерлесіміз, қазақ күресінен ҚР спорт шебері Нұрым Сәлімгереев бас жүлде Lada (ВАЗ) Granta автокөлігін жеңіп алды, деп хабарлайды Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, Нұрым Сәлімгереев «Қазақстан барысы» турнирінде жақсы өнер көрсетіп, техникалық ерекшелігімен көзге түскені үшін «Көрермендер көзайымы» номицинациясы табысталып, көлік мініп қайтқан болатын. Сонан соң Арал ауданы әкімдігінде жерлестері тағы бір темір тұлпардың кілтін сиға тартқан болатын.