ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АУЫР АТЛЕТТЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН 14 ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ
Жақында Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 1999-2000 жылдары туылған, 2001 және одан төменгі жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстарынан 22 команда, 354 ауыр атлет қатысқан сайыста Сыр елінің спортшылары 14 жүлдемен оралды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 6 қола жүлдені олжаласа, оның төртеуін шиелілік спортшылар еншіледі. Қыздар арасында 53 келіде шеберлік байқасқан шиелілік Айсамал Сансызбаева күміс жүлдені еншілесе, Ж.Баһадүр атындағы мектеп-интернат оқушысы Зарина Зархумова қола жүлдеге қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте ұлдар арасында облыс құрама командасы екінші орынды иеленді. Қыздар төртінші орынды қанағат тұтты. Жарыста «Үздік техника көрсеткені үшін» номинациясымен Рахат Бекболат (№1ООРМБЖМ) марапатталды.