«ҚАЙСАРДЫҢ» ЖАЗҒЫ ТРАНСФЕРЛЕРІ
Шілденің 7-сі күні 2015 жылғы Қазақстан чемпионатында трансферлік кезең ресми түрде жабылды. Маусымның 10-ы күні ашылған трансферлік терезе кезінде ел футболында біраз өзгеріс болып, көптеген командалар құрамдарын жаңартты. Ал біз сіздердің назарларыңызға «Қайсар» сапындағы жазғы ауыс-түйістерді ұсынамыз.
Жазғы трансферлік маусымда қызылордалық команданың сапынан жеті футболшы кетті. Атап айтсақ, қорғаушы Алексей Мулдаров, жартылай қорғаушылар Сергей Скорых, Владислав Нехтий, Пламен Димов, Серікжан Мужиков және шабуылшылар Юрай Пирошка мен Эдин Юнузович «Қайсармен» келісім-шартты үзді.
Ал олардың орнына клубқа бес ойыншы келді. Ойыншылардың барлығымен келісімшарт осы маусымның соңына дейін жасалды:
Олжас Алтаев – қорғаушы. Қызылорда облысының тумасы. Кәсіби футболдағы қадамын «Ақтөбе-Жас» командасында бастаған. 2013 жылы «Қайсар» сапына ауысып келді. Биылғы маусымның алғашқы жартысын Қызылорданың екінші командасы «Байқоңырда» өткізді. Дмитрий Огай командасында Олжас 23-нөмірде ойнайды.
Антон Матвеенка – жартылай қорғаушы. 28 жастағы белоруссиялық легионердің соңғы клубы Жодиноның «Торпедо-БелАЗ» клубы болған. Оған дейін Белоруссия чемпионатының «Днепр», «Динамо», «Гомель» сынды командаларының намысын қорғаған. 2009 жылы Белоруссия чемпионатының қола жүлдегері болған. «Қайсар» сапында Матвеенка 27-нөмірде ойнайды.
Илья Калинин – жартылай қорғаушы. Қызылордалық жанкүйерлерге жақсы таныс 23 жастағы ойыншы өткен жылы «Қайсардың» намысын қорғаған. Алайда маусым соңында өзінің командасы «Қайратқа» қайта ауысқан болатын. Енді міне, Калинин қайта «Қайсарда». Қызылордалық командада Илья өзінің өткен жылғы нөмірін қайта алатын болады.
Абылайхан Оңғарбаев – жартылай қорғаушы. «Ақтөбе» футбол клубының түлегі. Өткен жылы еліміздің вице-чемпионы атанған. Болашағынан мол үміт күттіретін 21 жастағы ойыншы. «Қайсар» сапында 36-нөмірде ойнайтын болады.
Георгий Каранейчев – шабуылшы. Болгарияның Хасково қаласында дүниеге келген. Жасы 27-де. Кәсіпқой футболдағы карьерасын 2007 жылы бастаған. Болгария жастар құрамасында ойнаған. Соңғы клубы – Молдованың «Тирасполь» командасы. «Қайсар» сапында 15-нөмірде ойнайды.