ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 22 маусым – 7 шілде аралығында Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада аяқталды.
Биыл жиырмасыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа 22 команда, мыңнан аса мемлекеттік кызметшілер спорттың 10 түрінен сынға түсті. Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-топ бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды облыстық білім басқармасы, үшінші орынды облыстық ішкі істер департаменті иеленді. 2-топ бойынша жылжымайтын мүлік орталығының командасы үздік шықса, облыстық мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы II орынды, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы III орынды еншіледі.
Спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер командалар естелік сыйлықтар, дипломдар табысталса, жалпы есепте жеңіске және жүлдеге ие болған командалар ауыспалы кубок, дипломдармен марапатталды.
Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов пен басқарма басшысы Берікбол Байқожаев марапаттады.