ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ АРАЛБАЙ МАХАМБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ
24-30 маусым аралығында Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының II кезеңі аяқталды.
Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған ел кубогына Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 13 команда, 125 шахматшы қатысты. Жарыс швейцар жүйесі бойынша әр ойыншыға екі сағат уақыттан берілді.
Сондай-ақ, 23 мамыр күні халықаралық гроссмейстерлер Әнуар Исмағанбетов пен Павел Коцурдың қатысуымен шеберлік класы өткізілді.
7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте Астана қаласының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қызылорда облысының командасы еншілесе, үшінші орын Оңтүстік Қазақстан облысының командасына бұйырды.
Жарыста «Ең жас қатысушы» номинациясымен қызылордалық Хантәңірі Жаппар мен оңтүстікқазақстандық Гаухар Жеңісбек, «Үздік партия» жамбылдық Айшагүл Шора мен қарағандылық Дильназ Сағынтай, «Жеңіске деген жігері үшін» қызылордалық Еділ Сұлтан марапатталды.
Сондай-ақ, халықаралық жарыстарда облысымыздың намысын қорғап, Әнұранын шырқатып жүрген облыс шахматшыларын қолдау мақсатында жарыс демеушілерінің бірі Бисенбай Тәженов өз отбасының атынан қызылордалық шахматшылар, оқушылар арасында Әлем, Азия чемпионы, ФИДЕ шебері Әсел Серікбайға, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, оқушылар арасында Азия чемпионы Назерке Нұрғалиға, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Самал Әбдуәлиге арнайы сыйлығын табыстады.
Барлық спортшылар мен номинация иегерлеріне медаль, диплом, кубок және бағалы сыйлықтар берілді.