КӨШЕ БАСКЕТБОЛЫНАН КЕЗЕКТІ ТУРНИР ӨТТІ
27 маусымда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Социум Қызылорда» қоғамдық қоры көше баскетболынан кезекті турнир өтті.
Қордың жетекшісі Ерлан Мусаевтың хабарлауынша, турнир биыл екінші мәрте ұйымдастырылуда. Өткен жылы 13 ерлер және 7 қыздар командалары қатысқан болатын. Ал биыл турнирге барлығы 21 ерлер және 7 қыздар командасы белсенділік танытып отыр. Жасөспірімдер арасында сайыста қыздар арасынан финалға келесі топтар шықты: 1 орын «Priada», 2 орын «Tiger», 3 орын «Solt». Сондай-ақ, қыздар арасында Жанна Қали үздік деп танылды.
Ал ұлдар арасында 1 орынды «Crazy Bulls», 2 орынды «11 Region», 3 орынды «Socium Kyzylorda» жеңіп алып, үздік ойыншы Ислам Ақбердинге естелік диплом берілді.
Ересектер арасында финалда «Запад» командасы 3 орын, «Волки» командасы 2 орынға ие болса, ал «East» командасы турнир жеңімпазы атанды. Үлкен топ арасында үзік ойыншы болып Нұрлыбек Нұрханов марапатталды. Барлық жеңімпаз командалар мен ойыншыларға медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Шынар БЕКБАН