КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН СПОРТШЫЛАР АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
21-28 маусым аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасы аясында көгалдағы хоккейден жарыс аяқталды.
Ерлер мен әйелдер арасында өткізілген дүбірлі жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 6 команда шеберлік байқасты. Нәтижесінде әйелдер арасында Қызылорда облысының құрама командасы көш бастады. Финалда Алматы облысының командасын 2:1 есебімен жеңіп, Қазақстан спартакиадасының жеңмпазы атанды. Үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының спортшылары еншіледі.
Ал ерлер арасында Қызылорда облысының құрама командасы күміс жүлдеге ие болды. Бірінші орында – Алматы облысы, үшінші орында Жамбыл облысы.
- Шәкірттерім үшін негізгі кезеңдер артта қалып, енді шешуші сындар күтіп тұр. Спортшылар биылғы жылы өтетін Азия ойындарына жолдама алу үшін алдағы 12-23 шілде аралығында Алматы облысында болатын көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады, - деді облыстың аға жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин.