ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде Конституция күніне орай жергілікті мемлекеттік органдар арасында волейболдан жарыс өтті.
ҚР Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұйымдастырған шараның ашылуында облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Адранов бұл мерекенің сот корпусы үшін маңыздылығына тоқтала келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа мемлекеттік органдар белсенді түрде атсалысып, өз командаларын жасақтап сақадай сай келгендіктерін көрсетті. Жарыс өте тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті иеленді.
Облыстық сот басшылығы тарапынан жеңімпаздар құрмет грамоталары және кубоктармен марапатталып, оларға теледидар, ноутбук табыс етілді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі