ҚЫЗЫЛОРДАДА КҮРЕС ТҮРЛЕРІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Үстіміздегі жылдың 25 маусым күні Қызылорда қаласы, «Бастау» бизнес орталығында Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Бауыржан Оспановтың қатысуымен облыстық күрес түрлері федерациясының кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш жиынға Қазақстан федерациясының бас хатшысы Анатолий Волоха, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев пен өңірдегі барлық жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.
Жиналыс барысында күрес түрлерінен облыс спортшыларын жоғарғы жетістіктерге жеткізу, игі шараларды атқару мақсатында грек-рим, еркін және әйелдер күресінің президенті болып Медет Кәрім сайланды. Жаңадан сайланған федерация президенті Сыр елі спортының дамуына, оның ішінде күрес түрлерінің жандануына өз тарапынан жан-жақты үлес қосатындығын жеткізді.
Күн тәртібінде облыста күрес түрлері спортын дамыту, алдағы уақытта жаттықтырушылар мен спортшылардың қол жеткізген жетістіктеріне байланысты жұмыстар жасалынатындығы туралы мәселелер талқыланды.
Айта кетейік, облыс көлемінде 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еркін күрес, 6 мектепте грек-рим күресі және 2 мектепте әйелдер күресі бөлімдері жұмыс жасайды. Еркін күреспен 1153 спортшы, грек-рим күресімен - 624 спортшы, әйелдер күресімен 42 – спортшы шұғылданады. Осы спорт түрлері бойынша облыс спортшыларының қол жеткізген жетістіктері ұшан-теңіз.