«АБЗАЛ И К» ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
20-21 маусым күндері Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан 1999-2000 және 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтті.
Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 27 команда, 285 спортшы 18 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті Асхат Житкеев Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевке дзюдо федерациясының алғыс хатын табыстаса, ҚР дзюдодан мемлекеттік жаттықтырушысы Ержан Байжұманов елімізде дзюдо спортын қарқынды дамытуға зор үлес қосқаны үшін Абзал Ералиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаевты ҚР спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хатымен марапаттады.
Аталмыш турнирден Қызылорда облысының спортшылары 42 жүлдені олжалады. Оның ішінде 11 алтын, 8 күміс, 23 қола жүлде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Абзал и К» толық серіктестігінің диплом, медаль, кубок және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кетейік, дүбірлі дода Нағи Ілиясов аулында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған спорт кешенінде өткізілді.
Турнир жеңімпаздары:
1999-2000 жылдары туылған ұлдар арасында:
42 келі: Арыстан Құрақбаев (Қызылорда обл.)
55 келі: Мансұр Қуанышов (БҚО)
60 келі: Бегалы Рауан (Қызылорда обл.)
Қыздар арасында:
44 келі: Малика Алпысбай (Қызылорда обл.)
57 келі: Арайлым Ханзада (Қызылорда обл.)
63 келі: Арайлым Оразбай (Қызылорда обл.)
2001-2002 жылдары туылған ұлдар арасында:
30 келі: Жұмағали Дулатбек (ОҚО)
34 келі: Ерназар Ермеков (БҚО)
38 келі: Нұрдәулет Аманкосов (Қызылорда обл.)
42 келі: Айғали Қалдыбек (Қызылорда обл.)
46 келі: Жеңіс Қалдыбек (Жамбыл обл.)
55 келі: Медет Төлеген (ОҚО)
50 келі: Алмас Уәли (Жамбыл обл.)
Қыздар арасында:
36 келі: Наргиз Войсова (Қызылорда обл.)
40 келі: Жанерке Асқарова (Қызылорда обл.)
44 келі: Аружан Темірғали (Қызылорда обл.)
48 келі: Анель Мухан (Қызылорда обл.)
52 келі: Руфина Керешова (БҚО)