ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында XХ дәстүрлі спартакиада басталды. 22 маусым – 7 шілде аралығында Қызылорда қаласында мемлекеттік қызметшілер күніне орай орай ұйымдастырылған шара бүгін «Мұз айдыны» спорт кешенінде салтанатты түрде ашылады.
Дәстүрлі спартакиада спорттың 10 түрінен: арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, эстафета 4x100м, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, бильярд, жүзу 4x25м және волейболдан ұйымдастырылады. Жарысқа мемлекеттік мекемелерден 25 команда, 1000-нан аса мемлекеттік қызметшілер қатысады.
Облыс әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында спартакиада 1995 жылдың жаз айында бірінші рет Қызылорда қаласында бастау алып, дәстүрлі спартакиада бүгінде 20-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Спорттың әр түрінен жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының естелік сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталады. Ал жалпы есепте жеңіске ие болған командаларға ауыспалы кубок, дипломдар табысталады.