СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Спорт күніне орай Қызылордада бұқаралық велошеру ұйымдастырылды. 400-ге жуық адам президенттік саябақтан бастап орталық алаңға дейін жүріп өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
3700 адам бір мезетте орталық алаңда гимнастикалық жаттығулар жасады. Сала мамандарын мерекесімен облыс әкімінің орынбасары А.Әлназарова құттықтап, облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Атап айтқанда, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы Қырмызы Секина мен «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов иеленді.
Бұл салада жетістіктер аз емес. Биыл Тереңөзек кенті мен Шаған ауылында спорт кешендері пайдалануға берілді. Бокс орталығы, Илья Ильин атындағы спорт кешені, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен Сырдария өзенінің сол жағалауында 3 мың орындық жабық стадионның құрылысы басталмақ.