ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ НҰРСҰЛТАН ГІР СПОРТЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БЕСІНШІ МӘРТЕ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!
Петропавл қаласында гір спортынан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеде жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Көлдеев намысты қолдан бермей, 68 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында бесінші мәрте ел чемпионы атанды. Ол серпе көтеруде 32 келі гір тасын 89 рет, жұлқа көтеруде 114 рет көтеріп, нәтижесінде 146 ұпай жинады. Нұрсұлтан осы жарыстың қорытындысы бойынша қараша айында Ирландияда болатын Әлем чемпионатына және желтоқсанда Австрияда өтетін Әлем кубогына жолдама алды.
Сырдария ауданында Жасұлан Өмірбаевта шеберлігін шыңдап жүрген Нұрсұлтан үстіміздегі жылдың 10-15 шілде аралығында Болгарияда өтетін Еуропа чемпионатына дайындалады.