ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
"Мұз айдыны" спорт кешенінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық мәслихаттарының депутаттары мен аппараттары қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Бұл туралы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Салауатты өмір салты мен дене шынықтыру мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық жарысқа Қызылорда қалалары мен аудандардан 7 команда қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев жарысқа қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, басқарма басшысы Садық Мұстафаев облыста дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлес қосқан, облыстық мәслихат депутаты Кенжебек Үйрековті басқарманың 60 жылдық медалімен марапаттады.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың наурыз айында үстел теннисінен мәслихат депутаттары арасында облыстық жарыс өткізілген болатын. Аталмыш жарыстар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.
Жарыс қорытындысы бойынша Арал аудандық мәслихаты көш бастаса, Қызылорда қалалық мәслихаты екінші орынды, Шиелі аудандық мәслихаты үшіншіі орынды еншіледі.
Жарыста "Үздік ойыншы" номинациясымен - Мэлс Қосмамбет (Қызылорда обл.), "Үздік шабуылшы" - Ғазиз Бисембаев (Қызылорда қ.), "Үздік қабылдаушы" - Шәріпжан Ерімбетов (Сырдария ауд.), "Үздік үйлестіруші" - Әділбай Медетбаев (Қызылорда қ.), белсене қатысқаны үшін Қазбек Шәукебаев (Шиелі ауд.), жарыста танытқан құлшынысы мен көрсеткен жігерлігі үшін Марат Жолдасбаев (Арал ауд.) марапатталса, Сырдария ауданының командасы үздік деп танылды. Сонымен қатар, жарыста үздік төрешілік қызмет көрсеткені үшін Мұрат Мұхамадиев, Замэла Мұхамадиева (екеуі де Қызылорда), Айнар Тәжібаева, Жандос Темірғалиев, Гүлбаршын Ешпанова (үшеуі де Сырдария ауд.), Евгений Курбатов, Жасұлан Бердібаев (екеуі де Арал ауд.) марапатталды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом, кубоктар табысталды.